Өскеменде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза ойындар» өтті. Жоба - қоршаған ортаны қорғауға, азаматтар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Бұл жолы экобелсенділер «Самал» саябағын қоқыстан тазартты.
«Таза ойындар» экологиялық акциясы осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Шараға облыс орталығының жастары жиналды.
Ойын шарты бойынша қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, қоқыс жинаудан өзара бәсекеге түседі. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көп жинаған құрама жеңімпаз атанады. Бұл - экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді тәсілдерінің бірі,дейді шараны ұйымдастырушылар.
Шара аясында жастар викторинаға қатысыты. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған командаларға қайта өңделген шыныдан жасалған кубоктар мен медальдар табысталды.