Ұлан ауданында қыздар арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Мамай Батыр ауылында ұйымдастырылған спорттық бәсеке еңбек ардагері Майра Балғабайқызын еске алуға арналды. Турнирдің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, жас волейболшылардың шеберлігін шыңдау.

Өңір жастарының волейболға деген қызығушылықтары жоғары. Жылдан жылға спорттың бұл түрімен айналысатындар көбейіп келеді. Жас спортшылар талай байрақты бәсекеде топ жарып жүр.

Дәстүрлі турнир биыл бесінші мәрте ұйымдастырылды. 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткен жарысқа облыстың әр өңірінен мықты командалар жиналды.

Cпортты дамыту үшін Ұлан ауданында бірқатар шаралар атқарылуда. Сайыстардың дені салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға Самар ауданының құрамасы, ал екінші орынға Жарма ауданының командасы жайғасты. Мамай Батыр құрамасы жарыс жеңімпазы атанды.